Общество

Жомарт жүректі жандар

0 7

Алғыс айту күні – елімізге тыныштық пен үндестік сыйлайтын сонымен қатар, еліміздегі барлық этностарды бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

1 наурыз күні «Үміт» баспанасының тәрбиеленушілері үшін ерекше күн болды. Алғыс айту күні «Жігер-К» ЖШС басшысы Ғ.Сейтқазинов, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты А.Жансүгірова және осы ұжымның оқытушылары, оқыту ісінің шеберлері, сондай-ақ, колледждегі волонтер қозғалысының басшысы Г.Бекенова, Құсмұрын №28 орта мектебінің директоры И.Кубекова, жеке кәсіпкер Ж.Уздембаевалар балалардың атына жылы лебіздерін білдіріп, сыйлық табыс етті.

Баспана тәрбиеленушілері мен қызметкерлері атынан осындай мерекелерде біздің тәрбиеленушілерімізді ұмытпай қамқорлық көрсететін жомарт жандарға ризашылығымызды білдіріп, денсаулық, бақыт және еңбекте толағай табыс тілейміз.

«Үміт» баспанасының ұжымы мен тәрбиеленушілері

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика