Общество

Алғыс айту – асыл қасиет

0 13

Ауданда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген игі іс-шаралар өтіп жатыр. Сондай күннің жарқын көрінісі – Алғыс айту күні. 1 наурыз күні адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды және оны жылдың ең сыпайы күні деп атауға болады. Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір-біріне жылу сыйлауы.

Осылайша, Алғыс айту күні аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Құрманәли Жүнісбеков аудан орталығында тұратын соғыс ардагерлері Василий Чалыйды, Владимир Приставскийді, Алдаберген Каскинді (суретте) арнайы барып құттықтады. От пен оқтың ортасында жүріп, ел үшін, жер үшін жаумен шайқасқан майдангерлерге құрмет көрсетіп, ерлігі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс сезімін білдіріп, сыйлық тарту етті.

Көпті көрген ақсақалдар өздеріне арнайы келген Қ.Жүнісбековке және ұжымға көңілдері толды және сый-құрметі мен жылы сөзі үшін батасын берді. «Алғыс айту – асыл қасиет» десек, бұл үлкен тәрбие және ең алдымен, әдептіліктің белгісі.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика