Спорт

Әсерлі өткен жарыс

0 8

Ақпан айының соңғы күні «Болашақ» спорт кешенінде Алғыс айту күніне арналған асық атудан және шахматтан жарыс өтті. Мерекелік іс-шараға аудан орталығының және ауыл жастары, сондай-ақ спорт ардагерлері де қатысты.

Ойындар өте әсерлі де қызықты өтті. Мысалы, асық ату жарысының жеңімпаздары бірден спорттың осы түрінен өтетін облыстық чемпионатқа жолдама алды.

 

Асық ату. Ерлер арасында бірінші орынды Қанат Рахмет (Аманқарағай) иеленді. Ерасыл Башкентаев (Қазанбасы) — екінші, Самат Рахметов (Аманқарағай)  — үшінші жүлдегер атанды. Әйелдер арасында Эльмира Ивышева (Құсмұрын) – бірінші, Арайлым Сағынбек (Қазанбасы) – екінші, Эльмира Байғожина (Первомай) – үшінші орындарды иеленді.

Шахмат. Командалық есепте: әулиекөлдіктер Жұмағали Атантаев, Абай Қажи, Елена  Ковалевская  — бірінші болды. Құсмұрындықтар Евгений Штырляев, Виктор Иванников, Гүлдана Ибраевалар – екінші, Новоселов ауылдық округінің шахматшылары Темірхан Асылбеков, Ертай  Молдахалықов, Эльвира Қасымханова  – үшінші орынға шықты.

«Көңілді старт». Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортзалында аудан орталығы мектептерінің 3 және 4 сынып оқушылары арасында жарысы өткізілді. Нәтижесінде, жүлделі орындар былайша берілді: І орында – И.Сьянов атындағы орта, ІІ  орында – С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназия, ІІІ орында – Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары. Біз спортшыларға үлкен ерік-жігер және әрқашан жеңіске жетуді тілейміз!

Дәулет ШӘРІПБАЕВ,

аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика