Общество

Сөзді әріптеп айт…

0 14

№2 Аманқарағай орта мектебінің жоғары сынып оқушылары “Kazakhstan  Spelling Bee 2018” жобасының бірінші кезеніне қатысты. Бұл бүкіл әлемге танымал байқау болғандықтан, Қазақстанда екінші рет өткізіліп отыр.

Бұл кезең онлайн тестілеу арқылы жүргізілді. Жобаның мақсаты жасөспірімдер арасында ағылшын тілінің сауаттылығын насихаттау. «Spelling Bee» онлайн тестілеуден 7 сынып оқушысы Елдана Бектасова өзінің білімін көрсетіп, Астана қаласында Н. Назарбаев атындағы физика-математика мектебінде өткен финалға жолдама алып,  қатысып келді.

 

“EF Spelling Bee” жобасының ұйымдастырушылары үміткерлердің жол ақысын өздері ұйымдастырды. Сайыс барысында барлық сайыскерлер өздерінің ағылшын тілінде айтылу дағдыларын көрсете білді. Берілген белгілі бір уақытта жүргізушінің айтқан сөздерін, дұрыс жазылуын әріптеп айту керек болды. Осы сәтте Елдананың өзін ағылшын тілінде таныстыруы көрермендерге қатты ұнады. Сайыс соңында көптеген көрермен біздің оқушының жанкүйері болғанын білдік. Байқау комиссиясы мүшелерінің бірі Елданаға әрі қарай дайындал, келесі жолы тағы да жолығамыз деген сын-пікір айтты. Оған сайыс қиын болса да, көңілінен шықты. Өзі сияқты көптеген балалармен сұхбаттасып, ой бөліскенін айтып өтті. Оқушымыз ауданнан барса да, қалалық оқушылардан асып түсетінін мойындады. Демек, ағылшын тілін оқушылардың барлығы да меңгере алады деген ойға келдік. Е.Бектасова сайысқа қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, оқушыны байқауға дайындаған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Утесоваға да сертификат тапсырылды.

Д. ИРГИБАЕВА,

ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика