Общество

Өсер елдің баласы

0 6

Қай халық үшін де ұлы мұрат – ана тілі мен төл мәдениетін сақтай отырып, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ал болашаққа аманаттау міндеті, ең алдымен, білім беру саласымен байланысты. Өйткені, білім ғана қоғамды көркейте алады.  Оларға дұрыс тәрбие беру біздің міндетіміз. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш. Сондықтан, талантты дер кезінде танып, дарынды таңдап және оның бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орынын табуға көмектесу қажет. Біздің  мектебімізде  осындай  дарын  иесінің  бірі – 5 сынып  оқушысы  Ә.Әбдібеков.

Менің  Әлішерге   бастауыш  сынып  оқып  жүргеннен  көзім  түсті. Мектепте өтетін іс-шараларға белсене қатысып, концерттерде жүргізуші болып,  шағын  қойылымдарға қатысып жүрді. Ісі де, сөзі де ширақ. Осы баламен бір шығармашылық жұмыс жүргізсем деп жоспарлап жүретінмін. Ойым мен болжамым мені алдамапты. Сабақ үстінде де қимылы ширақ, тіл  байлығы мол, ойын тиянақты жеткізеді. Осындай қабілеттерін саралап, бағалай отырып Әлішерді аудандық «Жас  тұлпар» айтысына апаруға дайындадым. Баланың қызығушылығы мен қабілетінің жоғарылығы сондай, 2-3 күннің ішінде домбыра тартуды да үйреніп алды (әрине, жақсы  тартып кетті деп айта алмаймын, дегенменен, мақамға сай әуенді сақтап  отырды). Айтысқа алғаш шығып тұрғаннан кейін менде де, Әлішерде де  қобалжу болды. Бірақ, сахнаға шыққан  кезде  өз  оқушымды  өзім танымай,  таңғалдым. Домбыраны қағып-қағып жіберіп, арқаланып кетті. Залда  отырған көрермендер ду ете қалды. Өнерсүйер қауым  әр сөзіне  зейін  сала  тыңдап, қошеметтеп, қолпаштап  әкетті. Сөйтіп,  нәтижесінде, айтыскерлерге  берілетін жалғыз номинация «Көрермен  көзайымын» жеңіп  алды. Бұл  Әлішердің кішкентай ғана алғашқы жеңісі. Мұғалімдер мектепте еркелетіп «Ақын  бала» атап  кеттік.

Күні кеше ғана ауданда болып өткен «Ғылым күніне» арналған ғылыми  жобалар сайысына мектебіміздің  ғылыми  жетекшісі Айсұлу Амантайқызы  мен Әлішердің жетекшісі Дархан Ғалымұлының қолдауымен қатысып, жүлделі  3 орынға  ие  болып,  облыстық  сайысқа  жолдама  алып  келді. Бұл  жобада да Әлішер өзінің көшбасшылық, ораторлық  қабілетімен  көзге  түсті.  Өзінің  зерттеген  жұмысын  тиянақты,  түсінікті  етіп  түсіндіре  білді.  Бұл  жеңіс біздің мектебіміз үшін  үлкен жетістік, үлкен  қуаныш. Енді ол біздің  мектепте «Кішкентай ғалым»  атанды. Әлішеріміздің  қанаты  талмасын,  биікке самғай бер, елін  сүйген,  елі сүйген  азамат  бол деп  тілегін  тілейміз.

Жалпы дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейміз. Дарынды баланың ақыл-ойы, дербестігі, шығармашылық ой-әрекеті жоғары болады. Дарындылық негізі — ізденіс пен белсенділік. Дарынды балаларымыз көп  болсын. Әр баланың дарынын ашуға жол таба  білейік!

Базаркүл  КӘДІРБАЙҚЫЗЫ,

№1 Қазанбасы  ОМ қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика