Без рубрики, Общество

Жолдар жөнделуде

0 12

Үстіміздегі жыл аудан халқы үшін үлкен мерекеге толы. Әулиекөл ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Бүгіндері мерейтойға қарсы қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Міне, соның жарқын бір көрінісі іспеттес, аудан орталығының көшелеріне жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Осыған орай, Әулиекөл ауылының әкімі Дүйсенбай Тлемісовті әңгімеге тарттық.

— Үстіміздегі жылы Сұлтан Еркімбаев, Баймағамбетов, Саржетім Қарабалуан батыр, Ерік Асанбаев, Қостанай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына облыстық және жергілікті бюджеттен 42 млн теңге бөлініп отыр. Конкурс өткізіліп, «ВАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алды.

Міне, он шақты күн бұрын құрылысшылар бригадасы жол жөндеуді бастап та кетті. Алдымен Баймағамбетов көшесіне асфальт төселіп, жол жиектері дұрысталды. Бұдан кейін жол белгілері орнатылатын болады. Қазіргі уақытта Саржетім Қарабалуан батыр көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жазып алған Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суретті түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика