Образование, Общество

Мектебімізге елу жыл

0 15

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 басым бағытының бірі – «Туған жер». Әр азаматтың, әр адамның туған жер дегенде жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі, адам өз туған жерінің төлі. Сол даланың, жердің, мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін де осы бағдарлама жүзеге асып, орындалуы тиіс.

«Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.  Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруы керек.  Және де туған жерінің, ауылының өркендеуіне, өсуіне үлес қосуды мақсат ететін осынау жоба бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асуда.

Аққұдық негізгі мектебі шағын ғана ауылда орналасқанымен, бүгінгі күнге дейін көптеген талантты жастарды тәрбиелеп, тізгін ұстар ел азаматтарын түлетіп ұшырды. Осыған орай, үстіміздегі жылдың 7 мамырында мектеп директоры  Күміс Қойшыбаеваның басшылығымен ұжым түлектердің кездесуін ұйымдастырып, елу жылдық мерейтойын өткізді. Кездесуге өз саласында жемісті еңбек етіп, бүгінде жан-жаққа тарап кеткен түлектер Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ресейден келді.

Бұл күні мектеп алаңында қонақтар, ауылдастар мен түлектер жиналып, мектептегі балалық шақтарын еске алысты. Ардагер ұстаздар Ұ.Асанова, Е.Ковалевская кезінде өздері тәрбиелеп оқытып-өсірген балаларды көріп, керемет қуанышқа бөленді. Түлектер мәз болып, көпшілік алдында іштен шыққан ыстық жалындарын сөзбен сыртқа шығарып жатты. Көтеріңкі көңіл-күй барлықтарын бір аспанға шарықтатқандай болды. 

Білікті маман атанып, еліміздің дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген азамат-азаматшалар ауылдың қазіргі жай-күйімен танысып, мектептің мерейтойына кілем, альбомдар, энциклопедиялар сыйлап, материалдық көмек көрсетті. 

Ұзақ жылдардан бері ауылға алғаш рет келген олар ардагер ұстаздарды, ел азаматтарын әрдайым еске алып, жастарға үлгі көрсету – біздің міндетіміз деген жүрекжарды сөздерін арнады.

Кездесуде аудандық мәслихаттың депутаты, мектебіміздің түлегі және демеушісі Д.Қойшыбаев Аққұдық мектебінде білім алып, бүгінде еліміздің әр саласында табысты еңбек етіп жатқан азаматтарды құттықтап, сәттілік тіледі. Мектеп түлектерінің өмір жолын балаларға үлге ретінде көрсетіп, оларды білім мен еңбекқорлыққа баулу — алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын.

Г.БЕГЖАНОВА,

Аққұдық негізгі мектебі кәсіподақ ұйымының төрағасы

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика