Образование

“Триумф” жеңімпаздары тұғырда

0 9

Биыл үшінші жыл қатарынан дарынды, өнерлі, талапты да талантты балаларды марапаттап, құрмет көрсету дәстүрге айналып отыр. Бұл оқушылар аудан, облыс, республика көлемінде ғылым, шығармашылық, өнер мен спорт жарыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, үздік атанды.

Салтанатты жиында алғы сөзді алған аудан әкімі Жансұлтан Таукенов бүгінгі іс-шарада өздерін бәсекеге қабілетті ортада сәтті көрсете білген жастар басын қосып отыр деді. Дербес елдің ертеңгі болашағы – білімді жастар. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктер де аз емес. Оған дарынды балалардың жеткен жетістіктері дәлел. Талантты жастар – тәуелсіздіктің жаңа бетін жазатын жас ұрпақ. Сол себепті осындай дарынды жастары бар Қазақстанның болашағы да жарқын боларына сеніміміз мол екеніне тоқталып, Әулиекөлдің мақтанышы болып, әрқашан биіктен көріне берулеріне тілектестігін білдірді.

Бұл күні сахнада ауданның ең үздік елу өрені «Триумф» тұғырына көтеріліп, сый-құрметке ие болды. Үстіміздегі жылғы шығармашыл дарынды балалардың жетістіктерінің жеңіске жетуінде өнер мектебі мұғалімдерінің еңбегі зор екенін атап өткен жөн.

Шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары

Тимур Сулейменов – үстіміздегі жылы «Астана гранд festival» халықаралық конкурс-фестивалінің және Мәскеу қаласында өткен славян музыкасы ХIII халықаралық фестивалінің Гран-при иегері және Астана қаласында жас таланттар арасында өткен «Жас өнер: әлемге мәдениет арқылы» YI халықаралық фестивалінің бірінші орын иегері.

Кристина Кострова — Мәскеу қаласындағы өткен славян музыкасы ХIII халықаралық фестивалінің Гран-при иегері, «Астана гранд festival» халықаралық конкурс-фестивалінің және «Танысу Алматы» халықаралық байқауының бірінші орын иегері.

Александр Жучко — Астана қаласында өткен «Таланты Казахстана» халықаралық конкурсының Гран-при иегері, «Астана гранд festival» халықаралық конкурс-фестивалінің — бірінші, «Жайна, әсем қала Астана» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының халықаралық байқау-фестивалінің бірінші орын иегері.

Санжарбек Кішкімбеков пен Алан Бектеміров – «Жайна, әсем қала Астана» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының халықаралық байқау-фестивалінің 1 орын иегерлері.

Руслана Келлер — «Астана гранд festival» халықаралық конкурс-фестивалінің, «Танысу Алматы» халықаралық байқау фестиваль-конкурсының, «Жайна, әсем қала Астана» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының халықаралық байқау-фестивалінің бірінші орын иегері.

Сая Торина — «Астана гранд festival» халықаралық конкурс-фестивалінің – бірінші, «Танысу Алматы» халықаралық байқау фестиваль-конкурсының – екінші, «Жайна, әсем қала Астана» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының халықаралық байқау-фестивалінің екінші орын иегері.

Аида Абдильдина, Елена Кирьяк, Махаббат Казбекова, Алина Сулейменова — «Астана гранд festival» халықаралық конкурс-фестивалінің бірінші орын иегерлері

«Фантазия» хореографиялық тобы – Астана қаласында өткен «Экзерсис» IY халықаралық байқауының бірінші орын иегері.

«Атамұра» қазақ халық аспаптар ансамблі – «Таланты Казахстана» халықаралық конкурсының бірінші орын иегері

«Метаморфозы» ұжымы шығармашылығының 10-жылдығының орай дипломмен марапатталды.

Олимпиада, ғылым, мемлекеттік тіл және спорттық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен үздік оқушылар  марапатталды.

«Жыл оқушысы» номинациясының  жеңімпаздары  

Раяна Митаева, Чернышевский орта мектебінің оқушысы — «Шексіз ғылым»;

Шерхан Халқаманұлы, Ш.Шаяхметов атындағы ОМ оқушысы — «Шешендік өнер»;

Арина Залевская, №121 Құсмұрын ОМ  —  «Шығармашыл»;

Юлия Петрович, С.Баймағамбетов атындағы МГ оқушысы — «Интеллект»;

Рузанна Таипова, Көктал орта мектебінің оқушысы «Жыл оқушысы» атанды.

Марапаттардың ара-арасында дарынды балалармен сұхбат жүргізілді. Халықаралық байқаудың Гран-при иегерлері — «Қазына» ұлт аспаптар ансамблі күмбірлетіп күй тартса, өнерпаздар Тимур Сулейменов, Санжарбек Кішкенбеков пен Алан Бектеміров, Руслана Келлер және өнер мектебінің квартеті әсем ән сыйлап, «Фантазия» би тобы биімен паш етті.

Жұмакүл  СЫЗДЫҚОВА

Суреттерді түсірген автор

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика