Общество

Сауапты іс-шара

0 8

“Өткенге құрмет — елге міндет” дегендей, аруақты сыйлау — тірілердің міндеті. Дүниеден өтіп, ауыл шетінде мәңгілікке тыныстап жатқан туған-туысқандарымыз жерленген зиратты ретке келтіріп, маңын қоқыстан тазалау шараларын жүргізу адамдардың борышы.

31 мамыр күні, көп жылдардан бері қалыптасқан дәстүр бойынша, аудан орталығындағы ескі және жаңа зиратта сенбілік жұмыстары жүргізілді. Әмит ишан атындағы мешіттің хатиб имамы Нұрбол қажы Балахмет, Қапен қажы Ақыбаев бастаған отыз шақты әулиекөлдік ер азаматтармен қатар, қыз-келіншектер Үкіжан Елеусізова, Ақмарал мен Элеонора Нүркеновалар құрал-саймандарымен қорымның басына жиналды. Алдымен аруақтарға құран бағышталды. Жеке кәсіпкер Сәбит Жайсанов жұмыскерлерімен келіп ескі қорымның есігіне жаңадан темірден шарбақ орнатты.

Ескі және жаңа зираттың іші-сыртынан адамдар тастап кеткен кірпіш, су ішетін пластмасса бөтелкелер жиналды. Жаңа зираттың сыртқы қоршауын «Ақбота» балабақшасының тәрбиешілері, кешкі орта мектептің мұғалімдері және биржада тұрған жұмыссыздар ақтады. Жылда техниканы ауыл шаруашылығы колледжінің басшысы А.Жансүгірова бөледі.

Зират басын қоқыстан тазарту тарихымызды, өткенімізді, құрметтеу болса, екінші жағынан жас буынды имандылық жолына тәрбиелейтін маңызды іс-шара екенін есте ұстау баршамыздың парызымыз.

Жұмакүл ХАКІМЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика