Общество

Әрбір игі іс — садақа

0 9

Ораза айында мұсылман қауым көптеген сауапты істерді жасауға асығады. Өткен жексенбіде мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет Қостанай қаласы «Жақсылық жаса» қоғамдық қайырымдылық қорының «Берекелі – мереке» атты қайырымдылық концерті өтті. 

Сахнаға шыққан қайырымдылық қорды ұйымдастырушылардың бірі жерлесіміз Медет Байзақов барша қауымға қасиетті Рамазан айы құтты болсын, бұл – береке-бірлік, кешірім, толассыз садақалар айы, осының барлығы Алла тағаланың аддында қабыл болсын деді.

Қостанайда тұратын бір топ өнерпаз азаматтар бірігіп «Жақсылық жаса» атты қоғамдық қайырымдылық қор ашуды қолға алады. Бүгінде олар құжаттарын тиісті мекемеге тапсырған, жақында есепшот ашады. Бұл қор «ХАРЕКЕТ» қайырымдылық қорының жалғасы іспеттес. Өнерпаздар Әулиекөлге дейін Затобол кентінде және Науырзым ауданында концерттік бағдарламамен болды. Одан әрі облыстың барлық аудандарын қайырымдылық іс-шарамен аралайтын болады. Түскен қаражатқа Қостанай ауданы Жамбыл елді мекенінде намазхана салмақ. Мақсат — жалғыз намазхана салу емес, мүгедек жандарға арба, құлағы нашар еститін адамға есту аппаратын, ота жасатуға жұмсалатын болады. Егер істері алға басып, ауқымды қаражат түссе, үйсіз жүрген адамдарға үй де алып беру ниеті бар.  Иманжүзді жандар қайырымдылық істерін атақ не ақша үшін емес, Алла разылығы үшін жасайды.

Бұл күні сахнадан өнерпаз тарландар, Халықаралық байқаулардың лауреаты,  2017 жылғы «Мен қазақпын» мега жобасының жеңімпазы, әнші-термеші, ақын Қыдырбек Қиысқан «Қайран да менің Еділім» термені домбырамен, әнші, Ыбырай Алтынсарин атындағы мәдени-мұражай директоры Марғұлан Оспанов желдіртіп «Молдабайдың» және «Бір кем дүние» әндерін шабытына келтіре орындады. Ильяс Омаров атындағы театрдың әртістері «Мешіт құрылысы», «Қайырымдылық жасау» көріністері арқылы өзекті мәселені көтерді. Адам баласын жақсылыққа бастауға және есті пендеге ой салар көріністер ұсынды.

Соңынан Әмит ишан мешітінің бас имамы Нұрбол қажы Балахметов сахнаға көтеріліп, Медет бастаған азаматтар көпшілікке әдемі ой салды, көріністерден үлкен әсер алдық, Алла тағала сапарларын оң қылып, халық үшін жасап жатқан қызметтерін сауаптан жазып, әрқашан  биіктен көрініңдер деді. Одан әрі қажы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар садақа беріңдер, садақа бәленің алдын алады деген. Садақа жалғыз ақшамен ғана емес, жақсы сөзбен, адамға мейіріммен күлімсірей қарау және жақсылыққа бастаған ісіңіз де соған жатады. «Жақсы сөз — жарым іс» деген осы да. Пайғамбар айтқандай, әрбір игі іс ниетке байланысты. Әулиекөлде де салынып жатқан мешіт құрылысы халықтың күшімен жүзеге асуда. Көп болып қолдап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қолдан келген көмегімізді аямайық. Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін боп жетуімізді Алла тағала баршамызға нәсіп етсін, амандықта қауышайық.

Ораза айындағы иманжүзді өнерпаздардың ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасы  өте жоғары дәрежеде өтті. Бірақ та, залдың жартысынан көбі бос тұрды. Жан-жақты хабарландыру берілсе де халық келмеді. Осылайша үлкен-кіші әуликөлдіктер тағы да енжарлық танытты.

Жұмакүл СЫЗДЫҚОВА

Суретті түсірген автор 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика