Общество

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру

0 6

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын келер ұрпағын — бізді қорғады. Сан тараптан сұқтаған жат жұртқа ата-мекеннің қарыс қадамында бермей ұрпағына мирас етті.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

Рухани жаңғыру — әр адам өзін-өзі дамыту арқылы бүкіл елдің дамуына үлес қосады. Бұл мақсатқа жету үшін үлкенді-кіші ұрпақтың жүрегінде Отанға деген патриотизм, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдері лаулап тұру керек. Кімге болсын өз туған жері ыстық. Бүгінгі күні ерекше назар аударатын жағдай қасиетті де киелі Әулиекөл ауданының 90 жылдық мерейтойы. Әулиекөлден батысқа карай 42 шақырымдай орман бауырынан орын тепкен Тимофеев (Қаймаққөл) ауылы әуелі тарихымен, содан кейін ауасымен, халқымен ерекше. Еліміздің ағасындай, халқымыздың жағасындай тарихи тұлға әкелер мен ағалар болған. Елбасы: «Тарихымызды білмесек, болашағымызды қадірлей алмаймыз», — деген болатын. Сондықтан, осындай тарихи адамдардың өмірін терең білу, болашаққа жалғастырып, ертеңімізге үміт арттырады. Мұның жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде маңызы зор екендігін атап өткеніміз абзал. Сонау сұрапыл соғыс жылдарында кеуделерін жаңбырдай жауып тұрған оққа тосып, туған жерін, елін жау басқыншылығынан азат еткен майдангерлердін сапында жерлесіміз Құмсу (Лукьяновка) ауылында туған Сергей Васильевич Нечипуренко бөлімше командиры, гвардия старшинасы болған, 11 танкпен БТР жоюға қатысқан ұрыста өзі де қаза болған. 1943 жылы 10 мамырда Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран. Халық қамын ойлаған ел игілігі үшін адал еңбек атқарған Құмсу топырағынан шыққан тағы бір Батыр ағамыз Қ. Қ. Тұрғымбаев. Қара қылды қақ жарған еңбек жолы. Съезд делегаты, бірінші совхоз директоры, директордың ішінен шыққан бірінші Социалистік Еңбек Ері, ауданның бірінші хатшысы, бірінші Құрметті азаматы.  Әділдігімен, ақыл-парасатымен де ел құрметіне бөленген ақындар мен әкімдер. Халық ақыны Ә. Беркенова, аудан әкімі А. Балғарин, ақын-журналист Оңғар Махмутов ағайдың ақын болып айтыстарға қатысқаны, көптеген жылдары аудандық, облыстық газеттерде жарияланған Сәрсенбай Доданов өзінің Елбасының сыңары болғанын бақыт санайды. Осындай туған жердің батырлары мен жақсылары, асылдары мен ардақтыларын айтпасақ, жазбасақ, біздер де өлшеулі уақыт біткенде, кезек келгенде бұл жалған дүниеден өтер едік, ненің жаксы ненің жаман екенін, кімнің жақсы, кімнің жаман екенін білмей кетер едік.

Ақсақалдар ұйымының қызметі — шегі де шеті де жоқ дарияның кемесіндей. Өмір бір орында тұрмайды, алдыңғы ұрпақ кетеді, жасы келеді, жастарға дұрыс ағалық әңгімесін айтатын, елдің тарихынан хабар беретін, ұрпақ тәрбиесіне араласатын ардагерлер керек. Ендігі бір ой, бүгін де, ертең де жастарымызға жанашырлықпен қарап, жыртығына жамау іздеген басқа ағымға кетпеуі үшін мәнді де салиқалы іс жасау — біздің парызымыз деп ойламын.

Ауданның 90 жылдығы құтты болсын, ауданымыз мықты, халқымыз қуатты, күніміз шуақты болсын.

Марат ЖЫЛГЕЛДИН,

Тимофеев ауылы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

 

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика