Общество

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС

0 8

Жаздың маусым айының бас кезінде Москалев орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларына арналған мектепалды сауықтыру лагері болды.

Мұндағы басты мақсат — оқушылардың жазғы демалыс уақытын қызықты өткізіп, денсаулықтарын нығайтып, түрлі ойындар арқылы ойларын дамыту, әрі тәрбиелік мәні зор дұрыс бағыт-бағдар беру. Оқушылармен тек ойындар ғана ойнамай, сонымен бірге түрлі дамытушылық жұмыс түрлерін жасап, әрі қызықты, әрі пайдалы бейне көрсетілімдер тамашалауға да уақыт бөлдік. Екі жеті уақыт аралығында балалар  көптеген ойын түрлерін ойнап, қол өнер бұйымдарын жасап, әдемі суреттер салып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, түрлі спорттық сайыстарға қатысып отырды. Күнделікті жұмыс соңында балаларды күні бойы жасаған жұмыстарын, белсенділіктерін бағалап мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтармен қуанта білдік.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушыларды мұражайларға және ауылдың еңбеккерлері еңбек ететін жұмыс орындарын аралатып, Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында саяхат та ұйымдастырдық.

Балалар үшін өте қызықты да, көңілді демалыс болды. Бұлай деп айтуымызға себеп болған, әрине, балалардың лагерден алған әсерлерін, өз пікірлерін білдірген сөздері мен қуанышты жүздері.

Ұлт болашағы — өскелең ұрпақ, сондықтан келешегіміздің өсіп келе жатырған бүлдіршіндерінің осындай көңілді, қызықты, әрі пайдалы демалыстары жалғасын таба берсін.

Ж.БЕЙСЕНГАЛИЕВА,

Москалев орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Опросы

Поддердиваете ли Вы мнение лидера партии "Ақ жол" Азата Перуашева о строительстве массового, народного жилья?

Смотреть результаты

Загрузка ... Загрузка ...
Яндекс.Метрика